Ұлттық құрылтайдың IV отырысында көтерілген мәселелер – елдің дамуына тікелей әсер ететін маңызды бағыттар. Әсіресе, кәсіптік және техникалық білім беруді дамыту – экономиканың қажеттілігіне сай мамандарды даярлауда аса өзекті. Бұл жастарға сапалы білім алып, еңбек нарығында сұранысқа ие болуға мүмкіндік береді.
Ал Бурабайдың туристік әлеуетін арттыруға мемлекет тарапынан 140 миллиард теңге бөлінуі – ел туризмін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған үлкен қадам. Бұл кешенді жоспар өңірдің инфрақұрылымын жақсартып қана қоймай, экологиялық стандарттарды сақтау арқылы табиғи байлықты қорғауға да септігін тигізуі тиіс.
Мемлекет басшысының табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және рекреациялық бағыттарды дамыту жөніндегі ұстанымы да құптарлық. Бұл – ел экономикасына қосымша табыс әкеліп, азаматтар үшін жайлы демалыс орындарын көбейтуге мүмкіндік береді. Егер осы жоспарлар жүйелі түрде іске асса, Қазақстанның туризм саласы айтарлықтай дами түсері анық.
Аманбаева Жанна Қабдісәлімқызы
Өркен орта мектебінің тарих пәнінің педагог- шебер мұғалімі
Мектеп директорының инновациялық жұмыстар жөніндегі орынбасары