Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болсаң, не істеу керек?

Тұрмыстық зорлық-зомбылық деген не?

Тұрмыстық зорлық бір адамның екінші адамға не туыстарының бірінің екінші туысына зорлық көрсетуі.

Бірінші кезекте, отбасы ішіндегі зорлық. Отбасылық- тұрмыстық қарым-қатынастар деп некелі- отбасылық қатынастағы, бірге тұратын немесе бұрыңғы ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынасты айтамыз. Мысалы, әйелі мен күйеуі бірге тұратындар, ағасы-қарындасы, әкесі-ұлы, әкесі-қызы, және т.б.

Тұрмыстық зорлықтың төрт түрі болуы мүмкін:

1) Физикалық зорлық - денсаулыққа қасақана физикалық күш немесе физикалық ауыртпалық көрсету. 

2) Психологиялық зорлық - бұл адамның эмоциясына немесе психикасына әсер ету: қорқыту арқылы, қоқан-лоқы көрсету, балағаттау, сынау, кінәраттау және т.б әрекеттер.

3) Сексуалдық зорлық- басқа адамға қатысты сексуалдық сипаттағы кез келген әрекетті қолдану.

4) Экономикалық зорлық-бөгде біреудің ақшасын немесе басқа материалдық ресустарын (тұрғын үй, тағам, киім, бақылап оны жұмсау. Бұл адамның денсаулығына физикалық және психикалық тұрғыдан әсер етеді.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болған жағдайда қайда бару керек? Отбасылық қарым-қатынастағы құқыққа қайшы әрекеттердің басым бөлігі жасырын түрде қалып қалады. Осылайша бұл тұрмыстық зорлық құрбандарына көмек көрсету мәселесін қиындатады. Әйелдердің көбі бұл жайлы айтуға қорқады, туыстары мен жақындарынан ұялады. Сондай-ақ олар бұл жағдайдан кейін ажырасамыз деп қорқады. Тұрмыстық зорлық құрбаны болғандармен жұмыс істейтін ішкі істер оргындары мен басқа да мамандардың мақсаты- отбасыны ажырастыру емес. Олардың мақсаты әйелдерге қажетті көмек беру тіпті уақытша баспана ұсыну. Бірақ мұндай кезде әйелдер өзі шешім қабылдайды.

Егер де сіз немесе сіздің жақыныңыз зорлық-зомбылыққа тап болса,  кідіріссіз аудандық полиция бөлімінің мына телефон 102, 2-02-02, 87015612656 нөмірлеріне хабарласыңыз.

Мөлдір МАҒАЗОВА,

АПБ ЖПҚб-нің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы,

полиция капитаны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521