Турнирден олжалы оралған жерлестер

0 Votes

Таяуда ғана Махамбет ауданында ауыл спортының жанашыры, білім беру саласының үздігі Марат Амановты  еске алуға арналған волейболдан 2012-2013 жылы туған жасөспірім қыздар арасында облыстық турнир өткен болатын.

Аталған шараға біздің аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінен 12 оқушы қатысып, жүлделі екінші  орынға ие болды. Сондай-ақ Гүлім Жанайдар «Үздік байланыстырушы», Жандос  Рысқалиев «Үздік төреші» номинацияларына  ие болды.

-Жарыс әділ өтті. Оқушыларымыз жақсы дайындықпен барды. Осы жарысқа қатысуға рұқсат беріп, оқушылардың спортқа деген ынталарын өшірмей, балаларды қолдап, бізбен бірге болғандары үшін ата-аналарға көп рақметімізді айтамыз. Ең бастысы, оқушыларымыз риза,- дейді жаттықтырушы  Азамат Сұңғатов.

                                                                                                   

 Жұлдыз СЕМБИЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT