Тұщықұдықтың әкімі мерейлі жасқа келген ақсақалды құттықтады

Тұщықұдық ауылдық округінің әкімі Мәди Өтеғалиев Исатай ауданының Құрметті азаматы, ауыл шаруашылығы саласының ардагері, өнегелі әулеттің бәйтерегі Шәріп Сыдиховты қабылдап, 85 жасқа толуымен құттықтады.

Мәди Рақымұлы ең алдымен Шәріп ақсақалдың өткен өмір жолына тоқталды.

- Ең бастысы, біздің өзіңізге деген құрметіміз ерекше. Сізді бүкіл аудан жұртшылығы жақсы біледі. Өзіңіздей өнегелі азаматтың біздің Нарын өлкесінің тұрғыны болғаны - біз үшін мақтаныш. Қашанда ақ жүрегіңізбен, қарапайым үлгіңізбен үлкендік қасиетіңізді көрсетіп, елге шынайы тілекші болып, батаңызды беріп жүресіз. Осындай еңселі қалпыңызда жүзге жетіңіз. Ұрпақтарыңыздың қызығын көріп, аман-есен жүре беріңіз. 85 жасқа толуыңызбен ауылдастар атынан құттықтаймын, - деп ізгі тілегін білдірген ол ақсақалға Алғыс хат пен мерекелік сыйлығын табыс етті. Шәріп қарт та өзіне көрсетілген ыстық ықыласқа ризашылығын білдірді.

- Жаңа жылмен тұспа-тұс келген мерейлі жасымды елеп, арнайы шақырып, сый-құрмет көрсетіп жатқандарыңа көп рахмет. Ел басындағы азаматтардың еселі еңбегіне халық риза. Көптің ішінде жүргенде естіп жүреміз. Осы бағытымыздан таймай, еліміз тыныш, жұртымыз бірлікте болып, осылай өсіп-өркендей берейік. Ең бастысы, дендерің сау болып, биіктен-биікке жете беріңдер, - деді батасын берген ақсақал.

Аяпберген САЛИХОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521