Тұщықұдықтың мұғалімдер командасы облысқа жолдама алды

Исатай аудандық білім бөлімінің бастамасымен Ф.Оңғарсынова атындағы орта мектеп базасында математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математикалық регата» олимпиадасы өтті.

9 мектептің математика пәнінің мұғалімдері жеке-жеке команда болып қатысқан білім бәйгесі ережеге сәйкес 4 бөлімнен тұрды. Қатысушылар әр бөлімде олимпиадалық және логикалық есептерді шапшаңдықпен әрі дұрыс шеше алу арқылы сынға түсті. Нәтижесінде қазылар алқасының шешімімен жүлделі І орынға Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектептің «Самғау» командасы, ІІ орынға Х.Нәубетов атындағы орта мектептің «Ақжелкен» командасы және Абай атындағы мамандандырылған мектеп гимназия интернатының «Альфа» командасы, ІІІ орынға Новобогат орта мектептің «Шаршы» командасы, Аққыстау орта мектебінің «Пирамида» командасы, Исатай және Ф.Оңғарсынова орта мектептерінен құралған «Zhasstar» командалары лайықты деп танылды. Сонымен қатар олимпиадаға қатысушы Ғ.Мәсәлімов атындағы орта мектептің «Арифметика» және Өркен орта мектептің «Квадрат» командалары алғыс хатпен марапатталды.

Айта кетейік, олимпиадаға қазылық еткен құрама қатарында Шолпан Хамзина, Рысгүл Рақымбергенова және Нұргүл Аманбаева болды. Сондай-ақ жүлделі І орынға ие болған Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектептің «Самғау» командасы алдағы күнде өтетін облыстық кезеңге жолдама алды.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521