Тұщықұдық ауылында ауданның ең жас сайлаушысы дауыс берді

Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектеп ғимаратында орналасқан №131 сайлау учаскесінде дауыс берген Сағадат Амандық – аудандағы ең жас сайлаушы.

Жас сайлаушысының алғашқы таңдауына сәттілік тілеген сайлау учаскесінің төрағасы Алтынай Сағынғали Сағадатқа Тілек хатын табыстады.

- Алматы қаласындағы Алматы мемлекеттік көлік және коммуникация колледжінің автоматика факультетінің 3 курс студентімін. Бұл - менің бірінші сайлауым. Осыдан төрт күн бұрын 18 жасқа толдым. Осылайша Сайлау заңына сәйкес Қазақстанның өз таңдауын жасай алатын азаматтары қатарына қосылып, даусымды қалаған партияма беріп отырмын. Ел үшін таңдау жасай алатын жасқа жеткеніңді сезінудің өзі керемет екен.

Болашақ - жастардың қолында. Сондықтан, бұндай жауапты сәтте немқұрайлылық таныту болар елдің ұлдарына бармайтын әрекет. Сол себепті дауыс беремін деп шештім. Ең жас сайлаушы ретінде қолдап, қошеметтеп жатқан №131 сайлау учаскесіне көп рақмет, - дейді Сағадат.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521