«Жәрмеңкеміз жалғасын тапса...»

Бүгін Тұщықұдық ауылында ауыл шаруашылық өнімдерімінің жәрмеңкесі өтті.

Оған Батыс Қазақстан облысы мен Атырау қаласынан келген және жергілікті тауар өндірушілер қатысып, өз өнімдерін ұсынды.

img_7773

i

Н.Үлкенбайұлы атындағы мәдениет үйінің алдына ұйымдастырылған жәрмеңкеде тұтынушылар қарасы қалың болды. Ертемен басталған жәрмеңкеде сүт өнімдері мен балыққа сұраныстың көп екені байқалды. Сондай-ақ, төмен бағамен ұсынылған ет өнімдерін де алуға кезекке тұрғандар көп. Жәрмеңкеге ағылған жұрт арзан өнімдерді ептеп емес, көптеп алуға тырысты. Бағасы қолжетімді өнімге қашан да сұраныстың артатыны түсінікті.

i

i

Тұщықұдық ауылдық округінің әкімі Айбатыр Бекішұлы бағаны тұрақтандырып, халыққа қолайлы жағдай жасауда жәрмеңкенің әсері мол екенін тілге тиек етті. Ал, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Нұрберген Өтегеновтің айтуынша, Тұщықұдық аудандағы ауыл шаруашылығы жақсы дамыған ауылдық округ болып саналады. Ауданымыздағы шаруа қожалықтарының басым бөлігі де аталған округке қарасты болғандықтан, жәрмеңкенің жергілікті шаруагерлер мен кәсіпкерлерге өз өнімдерін саудаға шығаруға пайдасы зор.

i

Егер тауар өндірушілер мен тұтынушыларға тиімді болса, жәрмеңкені Тұщықұдықтан тұрақты өткізіп тұру жоспары бар.

Ауыл өнімдерінің жәрмеңкесіне алғашқылардың бірі болып келген тұщықұдықтық Гүлнәр есімді тұрғын. Бүгінде зейнет жасындағы анамыз ауыл ішінде ұйымдастырылған жәрмеңке жалғасын әр апта сайын жалғасын тапса екен деген тілегін жеткізді.

- Ауылымызда жәрмеңке өтеді дегенді естіп таңертең ертемен осы жаққа қарай беттедім. Бұнда күнделікті тұтынуға қажетті ауыл шаруашылық өнімдерінің түгелдей дерлігі бар екен. Көпшілікпен бірге қос дорбамды толтырып, қажетті өнімдерімді алдым. Мұны бір апта тұтынамын. Отбасым шағын, әйтсе де, үйге қонақтарым жиі келеді. Жәрмеңке бір күнмен ғана шектелмей, әр апта сайын жалғасын тапса, қуанар едік, - дейді ауыл тұрғыны.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521