Тұщықұдықта алғашқы сайлаушы марапатталды (+ВИДЕО)

Исатай ауданы, Тұщықұдық ауылындағы 131 сайлау учаскесінде алғашқы сайлаушы марапатталды.

Учаске төрағасы саяси науқанда белсенділік танытып тұрғындардың ең алғашқысы болып дауыс берген тұщықұдықтық Сағынбай Бағытжановқа Алғыс хат пен естелік сыйлық табыстады.

⁃ Бұл саяси науқандағы бір ерекшелік - қазіргі жағдайға байланысты санитарлық талаптарды қатаң сақтау маңызды. Ең алдымен сайлаушыларды сайлау журналына тіркеп, қызу өлшемін біліп, әлеуметтік ара қашықтықтың сақталуын қадағалаймыз. Жалпы учаскеде 1349 сайлаушы тіркелген, - дейді 131 сайлау учаскесінің комиссия төрағасы Алтынай Сағынғали.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521