Тұщықұдықтың жас ақыны аудандық жыр сайысына жолдама алды

Исатай ауданы, Тұщықұдық ауылындағы Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектепте «Абай дана, Абай дара қазақта» атты оқушы ақындар мүшәйрасы өтті.

Мүшәйра Google meet платформасында ұйымдастырылып, 2 кезеңді қамтыды. І кезеңде оқушылардың Ұлы Абайға алдын ала дайындаған арнау өлеңдері оқылса, ІІ кезеңде жас ақындар берілген 20-25 минут уақыт аралығында «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» Абай өлеңдерінің берілген бір тармағына ілестіріп өздері өлең құрады. Аталған мүшәйра оқушы ақындарымыздың арасынан жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарларды анықтауға, Абайды танып, білуге және жаңа қырларын ашуға үлкен мүмкіндіктер берді. Нәтижесінде 10«А» сынып оқушысы Айсана Ерғали оқ бойы оза шауып, аудандық кезеңге жолдама алды.

Нұрлыгүл ҚАБДРАХМАНОВА,

Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектептің мұғалімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521