ТЫҢҒЫЛЫҚТЫ ТЕРГЕУ ҚАЖЕТ

https://atpress.kz/

Қайғылы, әрі қасіретті қаңтар оқиғасына да бір жыл толып отыр.

Толық жүзеге аса қоймаған төңкеріс бейбітшілікті пен тыныштықты ту еткен қазақстандықтар үшін күтпеген оқыс оқиға болды.  Осы орайда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жаңа жылды да аталған жағдайды жан-жақты зерттеу мәселесінен бастады. Демек, орын алған осынау саяси оқиғаның себебі мен салдарын дұрыстап ұғыну қажет деген сөз. Өйткені, мұндай жағдай келесі жолы мүлде қайталанбауы қажет.   Қаңтар оқиғасына қатысты тыңдаулар да ашық және тікелей эфирде өтіп жатыр. Бұл да халықтың зор сенімін ұялатары анық. Яғни, халық та аталған істі тергеуге қатысып жатыр деуге болады. Әсіресе, ортаға от қойып, халық пен биліктің арасын ажыратқысы келген арандатушылардың аты-жөндерін ел білуге тиіс деп ойлаймын.     Арам пиғылды адамдар қарапайым халықты өздерінің теріс мақсаттарына пайдаланғысы келді. Сөйтіп, билік пен қоғамды қорқынышта ұстап, үркіткісі келді. Бірақ, бұларынан ештеңе шықпады. Қазақстан халқы бұл жолы да өзінің бекем бірлігі мен тату тірлігін танытты. Алматы қаласында білім алып жатқан балалары үшін өзге өңірлердегі ата-аналар қаттың алаңдаған болатын. Тіпті, көшеге шығып, дүкенге барып азық-түлік алудың өзі мүмкін болмады. Қаншама азаматтарымыздың өмірі қыршынынан қиылды... Қаншама ғимараттардың быт-шыты шықты. Мұны ұмытуға болар ма екен?! Біз әлі күнге дейін қорқыныш сезімінен толық арыла қойған жоқпыз. Сондықтан бұл бізге сабақ болуы тиіс. 

Ляззат Төлепова,  облыстық,

мамандандырылған мектеп-интернат директоры



ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521