Тырысқақ ауруы туралы не білуіміз керек ?

 

Тырысқақ – адамнан адамға жұғатын жіті ішек жұқпалы ауру. Тырысқақ басқа жіті ішек жұқпаларынан клиникалық ағымының ауырлығымен, жоғары өлім-жітімімен және салыстырмалы түрде қысқа мерзімде ауқымды аумақтарға таралып, халықтың көпшілігіне жұқтыру қабілетімен ерекшеленеді.  

       Атырау облысы Қазақстан Республикасы бойынша тырысқақтан қолайсыз облыс ретінде I-ші типті эпидемиологиялық қауіпті аймаққа жатады.

Облыс аумағында тырысқақпен аурушылық соңғы рет Махамбет ауданында 1997 жылы тіркелген. Бұл жағдай басқа елден әкелінген деп болжанған.

        Адамнан адамға тырысқақтың берілуі  сыртқы орта арқылы жүзеге асырылады. Таралу механизмі бойынша тырысқақ ішек ауруы болып табылады.

        Тырысқақтың жасырын кезеңі (науқас жұқтырған сәттен бастап аурудың алғашқы белгілері пайда болғанға дейін аралық) 1-ден 5 күнге дейін, көбінесе 2-3 күнге созылады.

        Тырысқаққа күдік тудыруға негіз болатын келесі белгілер: қызба (температура – 37оС  және одан жоғары), жүрек айну, іш өту, құсу, бас ауруы, сонымен бірге тырысқақтан қолайсыз елдерден әкелінуін ескеру қажет.

        Тырысқақтың алдын алу шаралары келесідей:

- жеке гигиена шараларын сақтаңыз: тамақ ішер, тамақ дайындар алдында, әжетханаға барғаннан кейін қолыңызды мұқият жуыңыз;

- қайнатылған немесе бөтелкедегі суды ішіңіз;

- ұйымдастырылған демалысқа рұқсат етілген су айдындарында шомылыңыз;

- теңіздің, мұхитың және басқа да су айдындарының шикілей және жеткіліксіз пісірілген өнімдерін пайдаланбаңыз;

- азық-түлік, жеміс-жидек пен көкөністі рұқсат етілген сауда орындарынан сатып алыңыз;

- жемістер мен көкөністерді қайнатылған немесе бөтелкедегі сумен мұқият жуыңыз.

Тырысқақ ауруының белгілері пайда болған жағдайда (жүрек айну, құсу, сұйық нәжіс, бас ауруы, бас айналуы) дереу дәрігерге жүгіну қажет. Медициналық көмекке ерте жүгіну тырысқақты тиімді емдеуді дер кезінде жүргізуге және қолайсыз нәтиженің алдын алуға мүмкіндік береді.

Танауов Мәдениет Рашидұлы

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT