ТЖ болған жағдайда: Исатай ауданында кешенді оқу-жаттығу басталды

2023 жылдың 26-27 қазан аралығында Исатай ауданы аумағында кешенді оқу-жаттығу өткізіледі. Осыған орай күнтізбелік жоспарға сәйкес аудан активімен жиналыс өткізілді. Кешенді оқу-жаттығудың ресми ашылу жиынына аудан әкімі Полымбет Хасанов пен Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасының офицері Ануарбеков Дарын Еркінұлы және ауылдық округ әкімдері мен мекеме басшылары  қатысты.

Жиында азаматтық қорғау қызметтерінің бастықтары мен ауылдық округ әкімдерінің төтенше жағдайларды жоюға күштері мен құралдардың дайындығының жай-күйі туралы тыңдалды. Сонымен қатар жиынға қатысушылар азаматтық қорғау саласындағы заң бойынша кіріс сынағынан тест тапсырылды. Аталмыш жиын басында аудан әкімі  Исатай ауданы тұрғындарын бұл жайтқа түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға және құқық қорғау органдарының заңды талаптарын орындап, оқу-жаттығуға көмектесуге шақыратынын жеткізді

Оқу-жаттығу кезінде бірқатар шектеу шаралары енгізіліп, 26-27 қазан күндері бірнеше рет ДАУЫЛДЫ ДАБЫЛ берілетін болады. Белгіленген елді мекенде көлік құралдарының қозғалысына ішінара шектеу енгізілуі мүмкін. Сондай-ақ, аудан тұрғындарының назарына ҚР ӘҚБТК-нің  443-бабына сәйкес қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбау әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын жеткіземіз. Құрметті аудан тұрғындары түсіністік танытып, сабырлық сақтауларыңыз сұралады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT