ҰБТ-дан 129 балл жинаған тұщықұдықтық түлек алға қойған мақсатын айтты

Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектептің биылғы бітіруші түлегі Дария Әділжанқызы Ұлттық Бірыңғай Тесттен 129 балл жинады.

Ол – биылғы оқу жылында облысқа қарасты 7 ауданның арасында ең жоғары балл жинаған бірінші түлек. Дарияның ұстазы Сағима Симатова, «Алтын белгі» иегерінің бала күнінен білімге құштар болып, мектеп қабырғасында жүрген жылдарда аудандық, облыстық, республикалық олимпиадаларға қатынасып, топ жарғанын жеткізіп, оның болашағынан күтер үміттің зор екенін айтады. Ал, өз жоспарымен бөліскен Дария ендігі күнде Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетіне оқуға түсіп, сол саланы меңгеруді мақсат етіп отыр.

- Әрине, бұл көрсеткіш мен үшін үлкен қуаныш. Осы орайда бірінші кезекте ата-анамның қолдауын және ұстаздарымның еңбегін ерекше атап өткім келеді. Бүгінге дейін ұлттық бірыңғай тестті ойдағыдай тапсырып шығу, менің алдыма қойған үлкен мақсатым болатын. Сол үшін де сынақ алдында Алматы қаласындағы арнайы онлайн курс арқылы білімімді жетілдірдім. Міне, енді сол мақсатым орындалып, үлкен өмірге қанат қаққалы тұрмын, - дейді жас түлек.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521