ҰБТ: Исатай ауданында ең жоғары балл - 111

Биыл пандемия жағдайындағы тестілеудің өзгерістері көп болды.

Біріншіден, бұрын-соңды бір күнде өтіп кететін тестілеу шарасы биыл оқушылардың қауіпсіздігін сақтап, топтануға жол берілмеуі үшін арақашықтықтарын алшақтатып, жалпы шара үш күн ішінде өткізілді. ҰБТ-ға қатысатын талапкерлер дезинфекциялық туннельден өтіп, арнайы дезинфекцияланған кілемшеде аяқ киімді зарарсыздандырды. Дене қызуы өлшеніп, қол зарарсыздандыру сұйықтығымен өңделді. Медициналық бетперделер ауыстырды. Кіре-берісте арнайы бағдарлама арқылы талапкерлердің тұлғасы сәйкестендіріліп, жиектемелі металл іздегішпен тексерілді.

Әрбір аудиторияда бейнебақылау камерасы орнатылып, тестілеу пунктінде медициналық-санитарлық шаралары жүйелі сақталды.

Ауданымыздағы барлық мектептер бойынша биылғы оқу жылы 249 түлек мектеп бітірсе, оның 216-сы ҰБТ-ге қатысуға өтініш берген болатын. Сол өтініш негізінде Білім және ғылым министрлігінің өкілдерінің ұдайы қадағалауы нәтижесінде ойға алған шара толығымен аяқталып, білім көрсеткіші анықталды. Әлі де сарапталып жатқан білім сынының бізге белгілісі - ең жоғары балл 111 екені. Десе де, кімнің бағы жанып, грантқа ие болатыны, ал кімнің ақылы бөлімге қабылданатыны алдағы күннің нәтижесі.

Өз тілшіміз

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521