UFC-де жеңіске жеткен Шавкат Рахмонов қанша гонорар алғаны белгілі болды

Қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов (17-0) америкалық Джефф Нилді (15-5) жеңгені үшін рекордтық көлемде гонорар алды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Sports.kz порталының мәліметінше, Рахмоновтың осы жекпе-жектен алған жалпы гонорары – 161 500 доллар (30 000$ - кепілді сыйақы, 6 000$ - демеуші бонусы, 25 500$ - салмақ өлшеудегі сәтсіздік үшін Нил гонорарының 30%-ы, 100 000$ - Нил салмағын реттемегендіктен "Кештің үздік жекпе-жегі" үшін екі еселенген бонус).

Шавкат Рахмонов Джефф Нилді үшінші раундта қылқындыру әдісімен жеңіп, кәсіби мансабындағы он жетінші (UFC-дегі бесінші) жеңісіне қол жеткізді. UFC комментаторлары көрсетілім кезінде бұл айқасты бірнеше рет "жыл жекпе-жегі" деп атады.

 

 (bugin.kz)

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521