Үйі өртенген зинедендік зейнеткер аудан әкімінен көмек сұрады

Жыл соңында аудан әкімі Марат Мурзиев аудан тұрғындарын қабылдады.

Бұрын аудан әкімі қабылдайды дегенде түннің бір уағына дейін жазылатын жұрттың бүгінде қарасы сирегені бізді қуантты. 1-2 адам ғана жеке шаруасымен жазылған. Әр айдың соңғы аптасының жұма күні «Ашық есік» күні болып бекітілуіне орай, осы күні аудан әкімдігіне қарасты және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, мемлекеттік тапсырысты іске асыратын аудандық барлық әлеуметтік нысан басшылары да «Ашық есік» күнін өткізген болатын.

«Жалын» мәдениет үйінде өткен қабылдауға алдын ала телефон арқылы жазылған Зинеден ауылдық округіне қарасты Амангелді елді мекенінің тұрғыны, зейнеткер Б.Нұғманов үйінің бір ай шамасы бұрын өртеніп кеткенін, ендігі уақытта қыс мезгілінде болса да паналауға болатындай орынмен көмектесуін сұрады. Сол жерге келген мекеме басшыларымен ақылдаса отырып, жергілікті округ әкіміне ұсыныс айтатынын, мүмкіндігінше қол ұшын созатынын жеткізді аудан әкімі.

- Аудан әкімінің қабылдауы әр апта сайын өтуде. 30 желтоқсан күні де алдын ала әлеуметтік желіге жариялау арқылы қабылдау өтті. Оған Жанбай ауылынан М.Қуанышқалиев келіп, жағдайын айтқан болатын. Ол денсаулығына байланысты екі қолға бір жұмыс сұрай келген. Тұрғын аудандық жұмыспен қамту орталығында тіркеуде тұрғанымен, жұмыстың реті жоқ. Алдағы уақытта заң шеңберіне сай әрекет жасалатыны ескертілді. Әкім қабылдауына жазылам деуші тұрғындар саны бүгінде азайды, - дейді аудан әкімі аппаратының жалпы бөлім басшысы Мейрамгүл Күнтуғанқызы.

Анаргүл ҚҰСАЙЫНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521