Ұлттық санақ ауданда қалай өтуде?

Исатай ауданы әкімдігінде Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу жөнінде жиын өткізілді.

Аудандағы мекеме-кәсіпорындар мен ұйымдардың, ауылдық округтердің, салалық бөлімдердің өкілдері мен басшылары қатысқан жиында аудан әкімінің орынбасары Нұрғайша Әбежан биылғы 1 қыркүйектен бастап, еліміздің түкпір-түкпірінде жалпыұлттық халық санағы өткізіліп жатқанын баяндай келіп, оның әрбір мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен тұрмыстық әл-ауқатын зерделеу кезінде атқаратын рөлі зор екеніне айрықша тоқталып өтті.

Сондай-ақ халық санағының алдағы жоспарлар мен болжамдар жасауға да тигізер пайдасының мол екенін де тілге тиек етті.

img_7323

Аудандық статистика басқармасының басшысы Кенжебай Абдуллин жалпыұлттық санақтың онлайн кезеңі басталғанына 2 апта уақыт болғанын, осы кезеңде республика бойынша 3 миллионнан астам санақ сұрақтарына онлайн режимде жауап берілгенін атады. Білгенімізше, біздің ауданда да онлайн санаққа белсенді қатысушылар саны күннен-күнге артып келе жатыр, дегенмен, әлі де болса, кейбір мекеме мен ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілері мен шаруа қожалықтарының ұлттық санаққа қатысу көрсеткіші баяулау екен. Санақ сұрақтарының көпшілік үшін түсініксіз болып жатқан тұстарын да бар екенін жасырмады бөлім басшысы.

Кенжебай Абдуллиннің айтуынша, санақтың онлайн кезеңі 15 қазанға дейін жалғасады. Үйде онлайн санақтан өтуге мүмкіндігі жоқ кез келген адам халыққа қызмет көрсету орталылығы арқылы, «Қазпошта» филиалдарында, білім беру мекемелері мен орталықтарда ашылып жатқан «санақ бұрыштарындағы» компьютерге отырып, науқанға атсалыса алады. Санақ аяқталғаннан кейін оның қорытындысы жинақталып, Ұлттық статистика бюросының сайтында ресми статистика түрінде жарық көреді.

Cонымен бірге статистика басшысы ұлттық халық санағынан онлайн режимде canaq. gov. kz сайты арқылы өтуге шақырады. Сайт 24 сағат бойы қолжетімді. Халық санағына қатысты сұрақтар бойынша төмендегі нөмірлер арқылы кеңес алуға болады.

Аудандық нөмір: 8(71231) 2-01-74;

ұялы телефондар: 8(701) 424 15 23, 8(708) 726 14 97, 8(778) 144 66 24.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521