ҮШ АДАМ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ

Атырау облысы бойынша ҚАЖД аудандық пробация қызметі есепте тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталған тұлғаларды аудандық жұмыспен қамту орталығымен бірлесе отырып, ақылы қоғамдық жұмысқа орналастырды.

Жазатайым жаза басқандарды жұмысқа орналастыру мен медициналық қызмет көрсету мәселелері жергілікті атқару органдарымен бірлесе жүзеге асырылады. Бұл қызмет түріне қазіргі күнде пробация қызметіне есепке алынған барлық сотталғандар қамтылып отыр. Яғни, олардың белгілі әлеуметтік жағдайын саралай келіп, жеке жұмыс жүргізе отырып, жергілікті атқарушы органдарға олардың сұраныстары бойынша әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетіліп келеді. Жалпы, жыл басынан бастап пробация қызметінің аудандық жұмыспен қамту орталығымен бірлескен жұмыстары аясында пробация есебінде тұрған жұмыссыз 3 сотталған тұлға (оның ішінде екеуі әйел адам) ақылы қоғамды жұмысқа тұрды. Олар ҚР ҚК-нің 339-бабының 1-бөлігімен (өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) қылмыстық құқық бұзушылық әрекеттерін жасағаны үшін бас бостандығынан шектеу жазасына сотталғандар.

Алдағы уақытта жеке кәсібін ашқысы келетін сотталғандарға «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанынан кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға және жұмыспен қамту арқылы қайта даярлау курстарына жолдама берілетін болады.

Гульзира Искендирова,

аудандық пробация қызметі тобының инспекторы,

әділет аға сержанты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521