Үш палуан ел чемпионатына жолдама алды

Сәуір айының 14-16-сы күндері аралығында Атырау қаласында Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен дзюдо күресінен 2006-2008 жылы туған кіші жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Атырау облысының іріктеу чемпионаты өтті.

Санитариялық талаптарды сақтай отырып, өткен чемпионатқа облыстың барлық аудандарынан 300-ге жуық спортшылар қатысып, бақтарын сынады. Чемпионаттың мақсаты - маусым айында Түркістан облысы, Шардара қаласында өтетін Қазақстан Республикасы чемпионатының жолдамасын сарапқа салу.

Бұл іріктеу чемпионатында қатысқан Исатай аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары 2 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлделерімен оралды.

Атап айтсар болсақ, 38 келі салмақ дәрежесінде Айбек Абзал (жаттықтырушысы Д.Қадыржан) мен 73 келіде Сапарғали Олжас (жаттықтырушысы Ү.Мұсағалиев) қарсылас шақ келтірмей бірінші орындарға қол жеткізсе, 44 келіде қыздар арасында Қайрат Камила (жаттықтырушысы А.Ғалымұлы) екінші, 73 келі салмақ дәрежесінде Болатұлы Нұрасыл (жаттықтырушысы Б.Хамзин) және 66 келіде Уалижан Арсен (жаттықтырушысы А.Лесов) үшінші орындарды қанағат тұтты.

Бірінші, екінші орындарды еншілеген үш дзюдошымыз маусым айының ортасында Шардара қаласында өтетін Қазақстан чемпионатына жолдама алды.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521