Үш тәулікте Дүтбайға су жетті

Тұщықұдықтықтар үшін жаңа жыл Қызыл үй каналына қосымша су айдау жұмыстарымен басталды.

Бұған дейін естеріңізде болса Дүтбай каналының маңында ауыл тұрғындары жергілікті билік өкілдерімен кездесіп, су мәселесінен туындап отырған қиындықтарды жетізген-тұғын. Тіпті, түбіне дейін қатқан каналдан ұрттам су таппай қиналған мал басында шығын да болған. Сол жиында басшылар кедергіден шығудың жолын қарастырып жыл басында жұмыс басталып та кетті.

t

- Алдымен «Дүтбай» котлованының ортасының мұзы бұзылып, судың жиналуына ыңғайландырылды. Ұсынысты қабыл алған су шаруашылығы мекемесі 2 қаңтар күні канал бастау алатын Нарын каналы бойына су айдау техникаларын қойып, су жібере бастады. Бұған қуанған ауыл азаматтары канал бойына келіп, кезекшілікке тұрып, судың күндіз-түні тоқтаусыз жүруін бақылады, каналдың су бұзып кетеді-ау деген аласа тұстарының топырағын жабыла көтерді. Сөйтіп, үш тәулікте су Дүтбай котлованына бастап құйды. Котлованда суды ұстау үшін судың алдын топырақпен бөгеу жұмыстары атқарылды. Жан-жақтан су іздеп келген мал емін-еркін су іше бастады, -дейді Тұщықұдық ауылдық округінің әкімі Мәди Өтеғалиев.

muz131

Ауыл басшысы редакциямызға жолдаған хатында тұрғындардың өтініш-тілегінің орындалуына ықпал еткен аудан әкімі Марат Мурзиевке, каналға су айдау міндеттемелерін уақытында орындаса да, қиналған кезде ауылға қол ұшын берген Махамбет өндірістік учаскесінің бастығы Бейбіт Бисалиевке ризашылық білдіруді де ұмытқан жоқ.

j

- «Көп түкірсе - көл» дегендей, осы іске белсене араласқан ауыл азаматтары Берекет Танауов, Құраш Есенов, Ахмет Жұбанов, Сансызбай Нұржанов, Нариман Қаражанов, Өтеген Шамгулов, Асқар Галидуллин және басқаларға, мұз оюға техникамен көмектескен «Қамысқала су арнасы» ЖШС-не, оның жүргізушісі Нұрлан Жұмағалиевке, Қуаныш Беркалиевке рақмет айтамыз. Малдары осы каналдан су ішетіндіктен, Аққыстау ауылының азаматтары да тұщықұдықтықтардың қасынан табылып, қолдау жасады, - дейді ауыл әкімі.

С.ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521