«Үздік сарбаз» Тұщықұдықтан шықты

Облыстық әкімдіктің мәжіліс залында «Жасыл ел» еңбек жасағының XVI маусымының жабылу салтанаты өтті.

Облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова маусым бойы белсенділік танытып, үздіктер қатарынан көрінген бір топ жастарды марапаттады.

Салтанатты жиында ауданымыздың «Жасыл ел» еңбек жасағында жұмыс жасаған тұщықұдықтық Гүлжауқар Дәулеткерей «Үздік сарбаз» номинациясымен марапатталды.

- Табиғатты аялау әр адамның міндеті деп білемін. «Жасыл ел» еңбек жасағына жұмысқа тұру арқылы мен де өз туған жерімнің көркеюіне үлесімді қосуға мүмкіндік алдым. Жыл сайын жалғасын тауып келе жатқан «Жасыл ел» еңбек жасағы жастарды туған жердің табиғатын қорғаумен қатар, уақытты тиімді пайдалануға, отансүйгіштікке баулиды. Енді, міне, облыс бойынша «Үздік сарбаз» номинациясын иеленіп отырмын. Әрине, бұл мен үшін үлкен мақтаныш. Келесі жылы да «Жасыл ел» еңбек жасағының құрамына кіріп, туған жердің көркеюіне өз үлесімді тигізетін боламын, - дейді марапат иесі Гүлжауқар Дәулеткерей.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521