Вахтадағы мұнайшылар өз таңдауын жасады

Исатай ауданы бойынша бүгінгі сайлау науқанында аудан аумағында вахталық әдіспен жұмыс ​ жасап жатқан мұнайшыларға дауыс беру ұйымдастырылып жатыр.

Олардың ішінде еліміздің өзге өңірлерінен келіп, мұнай-газ өнеркәсібінде ауысыммен еңбек етіп жатқан азаматтар да бар.

«Мұнайлы өңірде сайлау науқанынан ешкім де шет қалмайды. Ауысыммен жұмыс істейтін мұнайшылардың кезекті еңбек вахтасы тура жұмыс орындарынан өз еріктерін білдіретін болады. Олардың саны 743 адам» дейді аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы С.Меңдібаев.

806a74a8-5f10-447b-ae99-8869e1d82e14

Еске сала кетейік, вахталық әдіспен ​ жұмыс ​ жасайтын сайлаушылардың​ 517-сі «Жайықмұнайгаз» МГӨБ-де, 70-і «Каспий Құбыр Консорциумында», 36 адам «Потенциал Ойл» мекемесінде, 10 адам «Светланд Ойл» мекемесінде, 19 адам «ҚазТрансОйл» кәсіпорнында, 50 адам «Саханқұрақ», 17 адам «Прикаспиан Петролеум», 24 адам «Тайман» кен өндіріс орнында еңбек етуде. Олардың арасында еліміздің басқа өңірлерінен келген 21 адам бар.

Аслан Мұратұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521