Вакцинация - бұл инфекциялардан қорғаудың және адам өмірін құтқарудың қауіпсіз және тиімді әдісі. Вакцинация бүкіл әлемде жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта дифтерия, сіреспе, көкжөтел, қызылша, қызамық, паротит, полиомиелит, тұмау және басқалары сияқты 20-дан астам ауруды қорғауға арналған вакциналар бар.
Вакцина профилактика өмір сүру ұзақтығының артуына, бала өлімінің төмендеуіне айтарлықтай ықпал етеді. Вакцинация жасқа қарамайды, бәріне қажет. Қазір көптеген адамдар балалық шақта бір рет жасалған көптеген вакцинацияларды өмір бойы қайталау керек екенін білмейді. Вакцинацияланған адамдардың есебінен ұжымдық иммунитет қалыптасады, бұл инфекцияның таралуына және эпидемияның пайда болуына кедергі болып табылады. Аудандық санитариялық-эпидемиялық бақылаудың басшысы Бақтыгүл Қармағамбетованың айтуынша, бүгінгі күні екпе алушылар балаларымен ата-аналарының көбінің қарсы болып жатқаны күннен күнге көбеюде екенін айтты.
- Егуден бас тартпас бұрын емдеу мекемесінің қызметкерлерінен егудің маңыздылығы, егуден бас тартқан жағдайда оның салдары неге әкеліп соғатынын біліп, толық ақпарат алған жөн. Мысалы, эпидемиялық паротит жеңіл инфекция деп саналатын менингит, панкреатит, орхит (аналық бездің қабынуы) сияқты ауруларды тудыруы мүмкін, оларға еркекте бедеуліктің барлық жағдайларының төрттен бір бөлігі себеп болады. Сондай-ақ, балаларда оңай өтетін қызамық энцефалиттің себебі болып табылады. Жүкті әйелдің (алғашқы 3 айында) қызамық ауруы ең қауіпті: бала туа біткен қызамық синдромымен туылуы мүмкін, яғни туа біткен жүрек ақаулары, орталық жүйке жүйесі, сезім мүшелері болуы мүмкін. Ал полиомиелит ауруында бала мүгедек болып қалуы әбден мүмкін,-дейді ол.
Вакцина бір емес, бірнеше рет алу керектігін және де тек қана кішкентай балалар емес, ересектерге маңызды. Және оның бірнеше түрлері болады.
- Вакциналар белсенділігі жойылған вакцина, тірі вакцина,сонымен қатар бір жұқпаға қарсы және құрамында бірнеше инфекцияға қарсы біріктірілген түрлері бар. БЦЖ туберкулезге қарсы вакцина, 1-4 күні жүргізіледі. ВГВ - «В» вирусты гепатитке қарсы вакцина 1-4 күні, 2 айынан бастап 4 айға дейін аралас гекса, пента вакциналарымен көкжөтел, дифтерия, сіреспеге, полиомелитке, гемофильді инфекцияға, вирусты гепатитке және пневмококкқа қарсы екпе жасалады. 12-15 айларында полиомелитке, пневмонияға қарсы, қызылша, қызамық, паротитке қарсы екпе жасалады. Қызылша, қызамық, эпид паротитке қарсы ревакцинация 6 жасында жүргізілді. 18 айында- гемофильді инфекцияға, вирусты гепатитке, көкжөтел, дифтерия, сіреспе, полиомелитке қарсы екпе жасалады. «А» вирусты гепатиті 2 жас және 2 жас 5 айда екпе жасалады. 16 жаста сіреспе мен дифтерияға қарсы екпені әр 10 жыл сайын қайталап тұру қажет. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 20 ақпандағы №102 қаулысымен медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоспарлы профилактикалық егулер жүргізілетін аурулардың тізбесіне өзгерістер енгізілген болатын. Яғни жоспарлы профилактикалық егулердің тізбесі адам папиллома вирусынан туындаған ауруға қарсы вакцинациямен толықтырылды. Оған себеп елімізде жатыр мойны обырынан қайтыс болу дерегі жыл сайын көбейіп баралы. Яғни бұл қауіпті дерттен қорғанудың тиімді және қауіпсіз әдісі – вакцинация! Жыл сайын Қазақстанда жатыр мойны обырының 1600-ге жуық жаңа жағдайы тіркеледі, бұл аурудан 500-ден астам әйел қайтыс болады.Жатыр мойны обыры - Қазақстандағы әйелдердің өлімінің басты себебінің бірі. Ол Қазақстан әйелдері арасында қатерлі ісік жөнінен сүт безі обырынан кейінгі екінші орында тұр. Вакцинациялау 11 жастағы жасөспірім қыздарды 6 ай аралығымен екі рет жүргізіледі,-деді Бақтыгүл Қармағамбетова.
Қазіргі уақытта вакцинаның дәлелденген эпидимологиялық және экономикалық тиімділігіне қарамастан көптеген адамдар алдын алу шараларын жасауға болады деп ойлайды. Алайда, бұл қиын спецификалық емес профилактика сөзсіз иммунитетті көтеруі мүмкін, бірақ бұл ретте көп жағдайда қызылша, дифтерия, қызамық, көкжөтел секілді жұқпалы инфекциялардан қорғай алмайды. Әсіресе баланы вакцинациялауды таңдаған немесе таңдамайтын ата-аналарға жүгінгіміз келеді, себебі көптеген адамдар кейбір инфекциялар сирек кездеседі және қауіп төндірмейді, ал вакцинация аурудың өзінен гөрі қауіпті деп санайды. Алайда көкжөтел немесе дифтериямен ауыратын баланы көргенде, ата-аналарда вакцинациялау қажеттілігі туралы мәселе туындамас еді, өйткені вакцинацияланбаған балада ауру едәуір қиын өтеді, аурулар ауыр асқынулар тудырады, кейде өлімге де әкеледі.
- Жалпы инфекциялық аурулардан қорғау үшін алдын-ала егу - инфекциялық аурулар мен күрестің ең тиімді әдісі. Халыққа профилактикалық егуді жүргізу үшін елімізде тіркелген және қолдануға рұқсат берілген иммундық жүйе арқылы емдік және профилактикалық әсер ететін иммундық- биологиялық препараттар пайдаланылады. Профилактикалық екпелер «Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысымен бекітілген мерзімдерде жүргізіледі,-дейді ол өз сөзінде.
Қазіргі уақытта кейбір инфекциялар қайтадан пайда болды. Мысалы, дифтериямен (Йемен, Бангладеш, Венесуэла, Ресей, Украина), негізінен көбіне балалар ауырады. Негізгі себеп - вакцинациямен қамтудың төмендеуі. Және қызылша ауруы асқынулар энцефалит, вирусты гепатитте бауыр зақымдалып, циррозға немесе қатерлі ісікке алып келеді. Ал цирроз бен қатерлі ісік, білесіздер, өлімге әкелуі мүмкін.
- Қызылшаның алдын алудың негізгі және ең тиімді құралы-екпе алу. Жоғарыда айтылғандай, қызылшаға қарсы жоспарлы түрде 12-15 айда және қайта егуі 6 жаста қызылшаға, қызамық, паротитке қарсы біріктірілген вакцина жүргізіледі Дәрігер вакцина салынбастан бұрын баланы емханада тексереді, екпе салғаннан кейін де 30 минут бақылайды. Екпені кез келген медициналық қызметкер жүргізбейді. Жыл сайын аттестациядан өткізілген медбике екпені жүргізеді және арнайы екпе кабинетінде жүргізеді. Екпе егер алдында бала дәрігерге қаралады. Екпеге келген баланың денсаулығына баға береді. Егер шағымдары болмаса екпе егуге рұқсатын береді. Ата-аналардың келісімін алып, екпелерін тиісті жүргізеді. Денсаулықтарында ақау болса, уақытша немесе мүлдем екпеге қарсы көрсетілімдері болса, екпеге қарсылық білдіріліп, бақылауда ұсталады. Екпе алғаннан кейін де балалар медициналық бақылауда болады. Балаңызды уақытында егу арқылы сіз оны жұқпалы аурулардан қорғайсыз!-деді ол сөз соңында.
Вакцинация – жұқпалы аурулардың алдын алудың жалғыз құралы екені естеріңізде болсын!
Вакцинация туралы кейбір фактілер:
* Вакцинация аурулардан қорғайды, адам өмірін сақтайды және денсаулық пен ұзақ өмір сүрудің кепілі болып табылады.
* Жұқпалы ауруларға қарсы вакцинация тек вакцинацияланған адамның өзін ғана емес, айналасындағыларды да қорғауға мүмкіндік береді.
* Дәл осы вакцинация полиомиелит ауруын 99% - ға азайтуға мүмкіндік берді.
* Адамның папиллома вирусына (HPV) қарсы вакцинациялау жатыр мойны обырының 90%-на дейін алдын алуға мүмкіндік береді.
* HPV вакцинасы тұрақты скринингпен бірге жатыр мойны обырының алдын алудың ең тиімді әдісі болып табылады.
* Қызылша - әлемдегі ең жұқпалы аурулардың бірі. Қызылша ауруының ең үлкен қаупі, өлімге дейін асқынулармен, вакцинациядан өтпеген жас балаларға тікелей қауіп төндіреді.
* Жүктілік кезінде қызамықпен инфекция ұрықтың өліміне немесе туа біткен ақауларға әкелуі мүмкін. Бала кезіндегі қызамыққа қарсы вакцинация адамды өмір бойы қорғауды қамтамасыз етеді.
* В гепатитіне қарсы вакцина В гепатитінің вирусын жұқтырудан және оның созылмалы ауруы мен бауыр қатерлі ісігінің дамуынан 95% қорғауды қамтамасыз етеді.
* Біріктірілген вакциналарды қолдану – мысалы, көкжөтелге, дифтерияға және сіреспеге қарсы вакциналар (АКДС) клиникаға барынша аз барумен және инъекциялардың ең аз санымен вакцинациялауға мүмкіндік береді, осылайша бала үшін стрессті азайтады.
Жұлдыз СЕМБИЕВА