Вакцина салдыру - індетті жоюдың бірден-бір жолы

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізілді.

Кеңес барысында өңірге қатысты біраз мәселелер талқыланып, Президент тарапынан бірқатар орындауға тиісті тапсырмалар берілді. Сондай-ақ Мемлекет басшысы өңірдің тыныс-тіршілігін, тұрғындардың әл-ауқатын әрдайым жіті назарда ұстайтынын атап өтті.

Онлайн форматта өткен кеңесте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде әлем елдерін жаулаған «коронавирус» індетінің облыс аумағында қайтадан өршіп, эпидемиологиялық ахуалдың күрделеніп бара жатқанын жеткізді.

- Індеттің жаңа толқыны келгеннен бері жағдайы ауыр және өте ауыр науқастар көбеюде. Олардың саны соңғыh бір айда екі есеге артты. Ал емдеу мекемелерінде қажетті дәрі-дәрмек пен құрал жабдықтар әлі де жеткіліксіз екені анықталып отыр. Бұл ахуал адам өлімінің күрт өсуіне әкеп соқтыруы мүмкін. Білікті мамандардың тапшылығы да жағдайды ушықтырып отыр. Облыста 207 дәрігер жетіспейді. Соның ішінде ауылдық жерлерге 52 дәрігер қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Расымен, бүгінде өңірдегі эпидемиологиялық ахуалдың жайы көңіл көншітерлік емес. Ауруды жұқтырғандар саны күн өткен сайын арта түсуде. Облысты былай қойғанда, аудандарда, ауылдық округтерде де коронавирус індетін жұқтырғандар қатары жиілеп барады. Індетті жұқтырудан аулақ болу үшін сақтық шараларына басымдық беру керектігі бүгінгі күннің басты тақырыбында. Сондай-ақ бұл індеттің алдын алудың бірден-бір жолы – вакцина салдыру екендігі айтпаса да түсінікті. Осы тұрғыда Мемлекет басшысы өз сөзінде:

« - Біз қазір халықтың жаппай вакцина алуын ұйымдастыруымыз қажет. Бұл жұмыста ірі кәсіпорындар басты назар болуға тиіс. Мұнай компаниялары қызметкерлерінің арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге айрықша мән беріңіздер» деп атап өтті.

Сондай-ақ кеңес отырысында Президент облыс басшылығына емдеу мекемелерін дәрі-дәрмекпен және медициналық құралмен қамтамасыз ету, дәрігерлер тапшылығы мәселесін шешу міндетін жүктеді. Бұл өз кезегінде қазіргідей індеттің өршіп тұрған шағында жүзеге асырылуы керек деп есептеймін.

Нүргүл Кабулова, 

Исатай аудандық аурухананың директоры міндетін атқарушы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521