Ветеринария үздіктері марапат төрінде

 

Атырау қаласында Ветеринария және су шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті,-деп хабарлайды "Нарын таңы" газеті.

Мерекелік шара барысында саланың дамуына сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар мамандар лайықты марапатқа ие болды.

Солардың қатарында Исатай ауданынан Аққыстау ауылдық округінің ветеринариялық пункт меңгерушісі Алдаберген Салихов пен осы саланың ардагері Мәлімқожа Жағыпаровтың есімдері ерекше аталды.

Ұзақ жылдар бойы салада адал еңбек етіп келе жатқан Алдаберген Салихов «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. Ол өз саласында мол тәжірибе жинақтап, жас мамандарға жол көрсетіп жүргенімен үлгі. 

Сондай-ақ,  облыс әкімі Серік Шапкенов қамысқалалық еңбек ардагері Мәлімқожа Жағыпаровқа кәсіби шеберлігі мен ауыл шаруашылығы саласына қосқан еңбегінің жоғары бағалап,  Алғыс хат табыстады. Ол – өз ісіне адал, жауапкершілігі жоғары сала ардагерлерінің бірі.

Бұл марапаттар – өңірдегі ветеринария салаларында еселі еңбек етіп жүрген жандардың еңбегіне берілген әділ баға десе де болар.

 

Сағыныш ҚАЙЫР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT