Волейболдан аудандық біріншілік өтті

Бүгінде білім беру мекемелерінің алдында тұрған міндеттердің бірі – жас ұрпақтың бойында салауатты өмір салтын қалыптастыру. Бала біздің болашағымыз десек, олардың салауатты өмір салтын жақсарту үшін спортқа айырықша көңіл бөлінуі керек. Осы тұрғыда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде «Балаларға ерекше назар аудару керек.

Себебі, олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі» деген болатын. Біздің аудан тұрғындары, әсіресе, жастардың спортқа қызығушылығы ерекше. Біртіндеп ауылдық округтерде спорт кешендерінің ашылуы да аудан спортының дамуына, жастардың салауатты өмір салтын ұстануына серпін берері сөзсіз. Спортты жанына серік еткен, болашақта ел намысын әлемдік додаларда қорғауға ниетті жастардың саны мен сапасын көбейту мақсатында ауданымызда түрлі жарыстар өткізілуде.
Осындай мақсатта «БАРЫС» балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубының ұйымдастыруымен 2008-2009 жылғы волейболдан ұлдар арасында аудандық біріншілік өтті. Аталмыш жарысқа аудан мектептерінен 10 команда қатысып, барлығы 100 оқушы бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша: Х.Наубетов  атындағы орта мектеп командасы жүлделі І орынды қанжығаға байласа, Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектеп командасы ІІ орынды иеленді, ал Абай атындағы мамандырылған мектеп-гимназия-интернаты ІІІ орынға табан тіреді.


Дәл осындай жарыс 2008-2009 жылғы қыздар арасында да өтті. Оған 7 команда қатысып, өз мүмкіндіктерін сынады. Тартысыты жарыстың нәтижесі бойынша жүлделі І орынмен Аққыстау орта мектебінің қыздары марапатталса, бабы мен бағы қатар шапқан Х.Наубетов атындағы орта мектептің арулары ІІ орынға қол жеткізді, ал ІІІ орынды Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектеп командасы иеленді. 

 

Жайна МӘЛІМҚОЖА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521