Ықпалды кандидаттар өтіп жатса, оң өзгерістер болады – Аида Балаева

ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева бүгінгі саяси науқанға қатысты ойымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өзгерісті әр азамат өзінен бастауы керек. Азаматтардың сайлауға келіп өз таңдауын жасауы ел дамуына немқұрайдылық танытпаудың белгісі. Кандидаттардың белсенділігін көріп отырмыз. Ықпалды кандидаттар өтіп жатса, меніңше, оң өзгерістер болады. Жан-жақты, оның ішінде қоғам өзгеруі тиіс. Халықаралық байқаушылардың да қызығушылығы артып келеді. 2019 жылы бірен-саран шетел байқаушылары болса, қазір олардың саны артқан. Олар сайлаудың ашық әрі әділ өтуіне ықпалын тигізіп жатыр. Қоғамда болып жатқан өзгерістер мені қуантады», – деді Аида Балаева сайлауда дауыс бергеннен кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Оның айтуынша, осы жолғы сайлауда саяси партиялар аса белсенділік танытуда.

«Сайлаудан үздік нәтиже күтеміз. Мәжіліс және мәслихаттар депутаттары сайлауы алғаш рет аралас жүйе бойынша өтіп жатыр. Бұл саяси партиялардың жандануына ықпал етті. Саяси бәсеке, азаматтық қоғамның белсенділігі байқалады. Соның ішінде жай бақылап қана қоймай, сайлау процесіне қатысатын азаматтық белсенділерді көріп отырмыз. Бұл шын мәнінде кәсіби парламентті қалыптастыруға ықпал етеді», - дейді Президент әкімшілігі басшысының орынбасары.

Айта кетейік, ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева өз таңдауын елордадағы №111 сайлау учаскесінде жасады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Әлеуметтік желілеріміз