Қымбатты аналар, сүйікті әпке-қарындастар, аяулы қыздар!

Әлемге көктемнің шуағындай жылылық пен мейірім нұрын төккен, күндей шуақты, айдай ажарлы, гүлдей нәрлі де көркем асыл аналарды, аяулы аруларды шұғылалы мереке 8 наурыз - халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!

Әйел - тіршіліктің тірегі, отбасының шырағы, тәрбиенің шырайы! Сіздердің бойларыңыздағы қайрат пен қажыр, шапағат пен шарапат, қайсарлық пен құлшыныс күллі әлемнің тамырына нәр беріп жатқандай.

Бүгінде қыз-келіншектер қоғамның қай саласында да белсенді, беделді. Еліміздің экономикасы, білімі мен денсаулық сақтау саласында, мәдениеті мен бизнес көкжиегінде Сіздердің іздеріңіз бар. Сол тамаша талпыныстарыңызбен киелі Нарын елінің дамуына сүбелі үлес қосып келесіздер.

Сіздер қоғамдық өмірдің қозғаушы күші бола білумен қатар ұрпағымыздың өрісін кеңейтіп, еліміздің еңсесін биіктетіп келе жатқан жігерлі жандарсыздар!

Сіздердің ақыл мен парасат, махаббат пен шапағат, төзім мен сезім тұнған жүректеріңіз бізге әркез сенім пен жігер береді.

Қымбатты аналар, сүйікті әпке-қарындастар, аяулы қыздар!

Мерекелеріңіз құтты болсын! Әрбіріңізге және отбасыларыңызға бақыт пен шаттық, денсаулық мен байлық, береке мен ынтымақ тілеймін!

Игі тілекпен, аудан әкімі Марат Мурзиев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521