Өз мүмкіндігімізді көрсетуіміз керек

Елбасымыздың қай жылғы Жолдауын ашып қарасаңыз да мемлекет жастары жайында айтылған жарқын пікір мен оларға арналған өміршең бағдарламаларға қанық боласыз.

Ал, бұл жолғы құжат біз үшін ерекше ыстық. Кеше ғана Жастар жылы ресми ашылды. Ерекше өткен жиында әр өңірден, әр саладан жиылған жастар өз ойларын ортаға салып, тілектерін ғана жеткізіп қоймай, алдағы жоспарлары мен ауқымды ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Бұл Елбасымыз сенім артып, аманат жүктеген жастарымыздың ертеңге деген талпынысы мен егемен еліміздің жарқын болашағын қалыптастыруға деген құлшынысын байқатқандай.

Өзім мәдениет саласының қызметкері болғандықтан, Елбасымыздың өнерпаз жастарға ерекше қолдау білдіріп отырғанын атап айтқым келеді. Мысалы, ел мақтанышы, белгілі әнші Димаш Құдайбергеновтің өзінің Ұлт Көшбасшысының жанында еркін сұхбаттасып, ашық әңгімелесіп жүргендігі Президентіміздің өнерге, өнерпаздарға деген құрметінің ерекше екендігін байқатса керек.

Ойымды қорыта келгенде айтарым, әрбір жас осы жылы өз мүмкіндігін көрсете білуі керек деп есептеймін. Өнер адамы ретінде атаулы жылда жастар тақырыбында жалынды жырлар мен әсем, қазақы әндердің қатары көбеюін тілер едім.

Ұлан МЕҢДІҒАЗИЕВ,

аудандық «Жалын» мәдениет үйінің қызметкері,

жас өнерпаз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521