Атырау облысы бойынша «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Зелимхан Зубариев жұбайы Аминат Зубариевамен бірге келіп, таңдауларын жасады.
-Отбасымызбен келіп даусымызды бердік. Ең бастысы, еліміз – тыныш, бізге тек бірлігімізді сақтасақ, жетіп жатыр. Қазақстанда ұлттар татулығы бар, облысымызда этномәдени бірлестіктің бірнеше өкілі бар, сен шешенсің, сен орыссың деп бөліп жатқан ешкім жоқ, бәріміз татумыз, Қазақстан азаматтарымыз, бала-шағам, немерелерім бәрі осы жерде дүниеге келді. Сондықтан Қазақстан азаматы ретінде елдегі маңызды саяси оқиғаларға атүсті қарамаймыз, сайлауға қатысып, үлесімізді қосамыз, ел ертеңіне алаңдауға қазақстандық болудың өзі жеткілікті. Соңғы кезде елімізде орын алып жатқан өзгерістерді дұрыс деп ойлаймын,-деді Зелимхан Зубариев.
Айта кетейік, ақсақал Исатай ауданында ұзақ жылдардан бері тұрады, ауданның Құрметті Азаматы.