«Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Исатай ауданында қылмыстың алдын алу бағытындағы кешенді шаралар жүргізілді. Аудан прокуратурасының үйлестіруімен аудандық полиция бөлімі бірлесіп, есірткі қылмысының жолын кесу және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар ұйымдастырды.
Іс-шара барысында есірткі зертханасының ықтимал жұмыс істеу белгілерін анықтау үшін аула, гараж және иесіз құрылыс нысандары мұқият тексерілді. Сонымен қатар тұрғындармен тілдесу арқылы сауалнамалар алынып, қоғамдағы құқықтық мәдениетті арттыруға басымдық берілді.
Қылмыстың алдын алу мақсатында тұрғындарға арналған арнайы жадынамалар таратылып, профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұдан бөлек, қоғамдық орындарда орнатылған LED экрандар арқылы есірткі қылмысының алдын алуға бағытталған бейнероликтер тұрақты түрде көрсетіліп келеді.
Мұндай жүйелі жұмыстар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қоғамда заңға деген құрметті арттыруға бағытталған.
Асхат Кадиржанов,
аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты


