Исатай ауданы полиция бөлімі жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті нығайту мақсатында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Осы бағыттағы маңызды бастамалардың бірі – «Әкелер патрулі» атты арнайы іс-шара болатын. Соған полиция қызметкерлері таяуда ғана, аудан, ауыл орталығында сағат 22:00-ден 01:00-ге дейін профилактикалық жұмыстар жүргізді.
Аталған іс-шараның басты мақсаты – түнгі уақытта жасөспірімдердің қараусыз жүруінің алдын алу, құқықбұзушылыққа жол бермеу, қоғамдық тәртіпті сақтау және балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау. Шараға полиция қызметкерлерімен қатар, белсенді әкелер қатысып, профилактикалық бағыттағы түсіндіру жұмыстарын жүргізілді.
Іс-шара Қазақстан Республикасының «Балалардың құқықтарын қорғау туралы», «Полиция қызметі туралы» заңдарына, сондай-ақ құқықбұзушылықтың алдын алуға арналған мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес ұйымдастырылды. Рейд барысында түнгі уақытта қоғамдық орындар мен көшелерде бақылау күшейтіліп, жасөспірімдердің заң талаптарын сақтауына ерекше назар аударылды.

Профилактикалық жұмыс аясында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, түнгі мезгілде кәмелетке толмағандардың заңды өкілінсіз жүруін анықтау, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытында нақты шаралар қабылданды.
Полиция қызметкерлері ата-аналар мен заңды өкілдерге балалардың түнгі уақытта көшелерде және қоғамдық орындарда жүруіне жол бермеу керектігін ескертеді. Балалардың қауіпсіздігі – ең алдымен отбасының, ата-ананың жауапкершілігі екені атап өтілді. Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті сақтау – баршаға ортақ міндет. Балалардың амандығы мен жарқын болашағы үшін құқық қорғау органдары мен қоғам бірлесе әрекет еткенде ғана оң нәтижеге қол жеткізуге болады.
Ербол ҰЗАҚБАЙ,
Исатай аудандық полиция бөлімінің полиция аға лейтенанты
Ербол ДЮСЕНБАЕВ,
полиция майоры



