Президенттің Жолдауында айтылғандай, «Заң және тәртіп» – мемлекетіміздің маңызды тірегі. Қоғамның тұрақтылығы мен азаматтардың қауіпсіздігі заңның үстемдігі мен тәртіптің сақталуына тікелей байланысты.
Мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенім – осы қағидаттардың берік орындалуынан туындайды. Әрбір мемлекеттік орган мен азамат заңды бұлжытпай орындағанда ғана әділдік орнайды, ал әділдік бар жерде тұрақтылық пен даму болады.
Заңды сақтау – тек мемлекеттің міндеті емес, әр азаматтың борышы. Себебі тәртіп пен жауапкершілік қоғамның мәдениетін көрсетеді. Заңның әділ және ашық орындалуы халықтың билікке деген сенімін арттырып, елдің өркендеуіне жол ашады.
Осы тұрғыда тәртіпті сақтау мен құқықтық мәдениетті көтеру – ұлт болашағына жасалған инвестиция деп білемін. Заңға құрмет – елге құрмет.
Айгүл АДИЛОВА,
Зинеден ауылдық округінің әкімі