Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметінің Атырау облысы бо-йынша департаментіне қарасты Исатай ауданының аумағында «Жанбай» және «Исатай» шекара бөлімшелері шекаралық қызметін атқаруда.
Айта кетерлік жағдай, Каспий теңізінің акваториясында, біздің мемлекетке қарасты бөлігі су жануарларына, соның ішінде бағалы балықтарға өте бай. Сондықтан да шекарада құқықбұзушылар біздің аумаққа құмар. Олар оңай олжа табу үшін түрлі қулыққа да барып жатады. Мәселен, өз отандастарымыз арнайы рұқсатпен балық аулауға шығып, шамадан тыс көп аулайды, немесе рұқсат етілмеген балыққа көзі түседі, тіпті уылдырығы үшін құнды балықты қынадай қырып та жатады. Сол себептен, биологиялық ресурстарды қорғау, браконьерлікті шектеу мақсатында жедел және әскери іс шаралар жүргізілуде. Теңізге шығу барысында, балықшыда балық аулау мерзімінде өзімен бірге жеке куәлендіретін құжат (жеке куәлік, ҚР паспорты, туу туралы куәлік т.д.) және ішкі және аумақтық суларға шығуға рұқсат қағазы болуы тиіс. Болмаған жағдайда, құқық бұзған балықшыға шекара аумағында Шекара Қызметінің әскери қызметшісі Қазақстан Республикасының әкімшілік бұзушылық туралы кодексінің 512- бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтыруына мәжбүр.
Анықтама: Қазақстан Республикасы аумақтық суларының (теңізінің) және ішкі сауларының режимдерін бұзу:
1.Қазақстан Республикасы-ның аумақтық суларындағы (теңіздегі) және ішкі суларындағы, шекаралық өзендер, көлдер және өзге де су айдындары суларының қазақстандық бөлігіндегі режимді Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелерді (құралдарды) және мұз үстімен жылжитын кемелерді (құралдарды) есепке алудың, күтіп ұстаудың, олардың орналасу пункттерінен шығуының және орналасу пункттеріне қайтып оралуының, суда болуының белгіленген тәртібін сақтамаудан көрінген бұзу жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Шекараға қатысты сұрақтар мен балыққа шығу тәртібіне сәйкес жауаптарды білгіңіз келсе, онда «Жанбай» шекара бөлімшесінің мына байланыс телефонына 87123179174 қоңырау шалуға болады.
Береке Есенбай,
Атырау облысы бойынша департаментіне қарасты
Жанбай шекара бөлімшесінің тәрбие және әлеуметтік
құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары