Заңсыз қарулар сатып алынбақшы

Атырау облысы полиция департаментінің биылғы жылғы 22 сәуірдегі №1-5-3-21/2006-И санды нұсқауын орындау мақсатында халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтемді сатып алу бойынша облыс аумағында биылғы жылдың 25 сәуірінен бастап, ерекше өкімге дейін халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу бойынша акция өткізу жоспарлануда.

Егер акцияға қатысқыңыз келсе, өзіңіз тұратын жергілікті аудандық полиция бөліміне арыз-өтінішпен бірге қаруыңызды алып келуге болады. Акция бойынша автомат, аңшылық қару, тапанша, граната, мина, артиллерия оғы, жарылғыш заттар қабылданады деп белгіленген. Тапсырылған қарулар 1-ші, 2-ші, 3-ші санатқа (категория) бойынша қабылданады. Бір айта кететін жай акцияға өткізбек болған қаруыңыз жарамды болғаны абзал.

Қабылдау комиссиясы өз еркімен тапсырылған қару үшін жоғарыда көрсетілген санаттар бойынша ақшасын төлейді. Еш жерде тіркелмеген қару мен оқ-дәріні өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Жарылып кететін не болмаса жарақаттауы мүмкін қару мен оқ-дәрілерді қозғаудың қажеті жоқ, ондай жағдайда полиция бөліміне немесе өзіңіздің учаскелік полиция инспекторыңызға хабар беріп, құрылған комиссия өкілдері барып, анықтайды.

Тағы бір ескерер нәрсе-азаматтардың полиция бөліміне заңды тіркелген қарулары үшін ешқандай өтемақы төленбейді, тек қана аңшылық қаруы атуға  жарамсыз болған жағдайда ғана немесе алға қарай өзіне қажет болмаған кезде қару иесінің жазған арызына сай жоюға тапсырылады.

Жеңіс ҚУАНЫШҚАЛИЕВ,

Исатай аудандық полиция бөлімінің аға инспекторы, полиция капитаны

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521