Үздік шаруагерлер анықталды

Votes

Ел экономикасына дамытуға үлес қосып жатқан, ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлерінің үлгілі еңбегі мемлекет тарапынан да лайықты бағасын алып келеді.Бұған сала қызметкерлердің кәсіби мерекесіне орай өткен шаралар кезінде де көз жеткіздік.

 Өткен жұма күні  Атырау қаласында  ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі  қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтті.  Алқалы жиында Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен еліміздің ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін бір топ шаруагерлерді марапаттады. Солардың қатарында, өзіміздің аудан бойынша «Жан» шаруа қожалығының басшысы Жакин Жұмажан «Ерен еңбегі үшін» медалімен  наградталса,  Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің Құрмет Грамотасын «Атамұра» шаруа қожалығының басшысы Дауылбаев Насырға табыстады.
  Сонымен қатар, облыс әкімінің алғыс хатымен «Уахитов Ж» шаруа қожалығының басшысы Уахитов Жалғасбай, облыстық мәслихаттың алғыс хатымен  Ерғазиев Мұфтолла  марапатталды. Одан бөлек, облыс бойынша «Есеналиева» шаруа қожалығының басшысы Есеналиева Ақтолқын  «Үздік сауыншы 2024» аталымын иеленсе,  ал Исатай аудандық ветеринарлық стансасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына қарасты Тұщықұдық ветеринариялық пункт меңгерушісі Сыдихов Нұрлыбек «Үздік мал дәрігері 2024» номинация бойынша үздіктер қатарынан табылып, мерейіміз үстеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT