banner_damu

Үздік әскери-патриоттық бейнероликтің авторлары марапатталды

Атырау облысының әскери-патриоттық клубтары мен «Жас сарбаз» сыныптарының тәрбиеленушілері «Қарулы Күштер - қауіпсіздік тірегі» байқауында «Үздік видео» номинациясында өз жұмыстарын ұсынды.

Байқауға 8 бен 17 жас аралығындағы мектеп оқушылары қатысты. Бейнероликтер «Қуатты армия - ел тірегі» және «Біз батырлардың ерліктерін ұмытпаймыз» номинациялары бойынша ұсынылды.

- Барлығы екі номинацият бойынша 30-дан астам жұмыстар өаралды. Бізге жас ұрпақтың ойларының өзіндік ерекшелігі және ақпаратты жеткізу тәсілдері қатты ұнады. Байқау комиссиясы барлық жұмыстарды қарап, зерттеп, олардың ішіндегі ең жақсысын анықтады. Болашақта біз бұл бағыттағы жұмысты күшейтеміз, өйткені қысқа тақырыптық бейнематериалдар қазіргі кезде әлеуметтік желілерде жақсы жақсы қабылданып келуде», - дейді Атырау облысы қорғаныс істері жөніндегі Департаменті бастығының орынбасары капитан Жасұлан Сатбалдиев.

Байқау қорытындысы бойынша Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледжінің студенттері екі номинация бойынша жеңімпаз атанды. Олар Атырау облысының қорғаныс істері жөніндегі Департменті бастығының грамоталарымен марапатталды. ҚР ҚМ Атырау гарнизоны бойынша баспасөз қызметі

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика