ҮЗДІК ЖАСТАР АНЫҚТАЛДЫ

Аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі мен жастар ресурстық орталығының ұйымдастырумен өткен «Үздік жастар – 2022» жастар премиясында жылдағыдай, әр салада жақсы нәтижеге қол жеткізіп, белсенділігімен көзге түсіп жүрген жастар марапатталды. 

Үздіктерді марапаттау шарасында аудан әкімінің орынбасарлары Нұрғайша Абежан мен Рашид Мұқанов, аппарат басшысы Абзал Байсалбаев, Аққыстау ауылдық округінің әкімі Ғаділ Боранбаев, аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Данияр Бимұханов, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Алтынзер Сапаева мен аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Серік Амиров және Ш.Шәріпов атындағы балалар саз мектебінің директоры Ербол Ақтанов қатысты. Салтанатты шараның шымылдығын аудан әкімінің орынбасары Нұрғайша Абежан ашып, құттықтау сөз сөйледі.

-Биылғы жыл біздің ауданның жастары үшін де табысқа толы жыл болды, жеткен жетістіктеріміз де бар. Қалыптасқан дәстүр бойынша жыл соңында әр саланың үздіктері анықталады. Бұл да жастардың басын бір арнаға тоғыстырып, еңбек пен шығармашылық қарым-қатынас орнатуға себеп болады. Қазіргі жастар – жан-жақты, жаңашылдыққа құмар. Жуырда Астана қаласында өткен республикалық «Жайдарман» ойындарында бірінші лиганың финалдық сайысында «Зинеден» құрамасы ауданымыздың ғана емес, облыс намысын  қорғады. Одан бөлек, өнер, спорт, білім, медицина сынды маңызды салалардың қалыпты жұмыс істеуіне, дамуына үлес қосып жатқан жастар жетерлік. Келер жылы да жетістіктеріңіз еселеніп, тек биік шыңдарды бағындыруды нәсіп етсін! Кемел келешектің тұтқасы жастардың қолында, сондықтаан жастардан тек жақсы жаңалықтар күтеміз. Алдағы уақытта да жемісті қызмет етіп, «ел абыройын асқақтатар» деген сенімдеміз-деді ол.

_dsc0012

Жастарды отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеп, белсенді жастарды қолдау мақсатында ұйымдастырылған салтанатты шарада аудан жастары 12 аталым бойынша марапатталды. Атап айтсақ, Мейрамғали Нәсіпқалиев «Үздік жас ерікті», Тұрлан Мелкеев «Үздік жас мұнайшы», Назерке Шамиева «Үздік медицина қызметкері», Нұрбол Қалидолла «Мәдениет саласының үздігі», Жұлдыз Жолмағанбетова «Үздік жас кәсіпкер», Ержан Бөкенов «Үздік жас мұғалім», Рауан Бисен «Үздік жас мемлекеттік қызметші», Гүлдана Мухитова «Үздік блогер», Асхат Серікұлы «Үздік жас сарбаз», Айсұлтан Елеусінов  «Үздік жас спортшы», Думан Нұрмұханбетов «Үздік полиция қызметкері», Айзере Амандыққызы «Үздік КТК ойыншысы» аталымына ие болды. Оған қоса, жастар ісін дамытуда сүбелі үлес қосып жүрген Мөлдір Мағазова, Жадыра Жандолова, Еркеназ Өтемісова, Айкөркем Сүлейменова, Таңшолпан Мұғау, Аружан Әділжанқызы, Бейбарыс Оспан да Алғыс хатпен марапатталды.

_dsc0051

Салтанатты кеш түрлі ойындар мен ән-күй, бимен әрленіп, жастар әсем кештің куәсі боп тарқасты.

 

Жайна МӘЛІМҚОЖА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521