Зелмұхан ЗУБАРИЕВ: «Бір ұлттай бірге өмір сүріп келеміз»

Күні бүгін Исатай ауданында бір ғана өзге ұлт отбасы тұрады.

Ол - 1974 жылы көшіп келіп, жергілікті халықпен тату-тәтті өмір сүріп келе жатқан шешен ұлтының азаматы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, облыстық "Вайнах" шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы, Исатай ауданының Құрметті азаматы, еңбек ардагері Зубариев Зелмұхан Асабалыұлының отбасы.

Зелмұхан аға ұлты өзге демесеңіз, қалың қазақтың арасында ұлтымыздың дәстүр-салтымен біте қайнасқан, өз ортасын құрметтей алатын, кәсіптің де ебін білетін исатайлық белсенді азаматтардың бірі. Бір ұлы мен бір қызынан өрбірген 8 немерісінің барлығы дерлік осы Аққыстау ауылында дүниеге келген. Қазіргі таңда айналысып отырған жеке шаруашылық қожалығы да Нарын ауылында орналасқан. Оның қазақ еліне, қазақ жұртына деген ықыласы ерекше.

zelimqan25

- Мен қазақтың жерінде 40 жылдан астам өмір сүріп келе жатсам да, өзімді осында туғандай сезінемін. Мен қазақ бауырларымның арасында жүріп-ақ бірлік пен мейірімділіктің арқасында өзімді "қазақпын" деп айтсам, артық емес шығар. Ол түгілі, балаларымның кіндік әке-шешелері де осы жергілікті қазақ ағайындарымнан.

Қазақ бауырларым өзімнің ұлтымды бөліп айтып, маған ешқашан қоқан-лоққы көрсетіп, кеудемнен итеріп көрген емес. Осынау кең байтақ қазақ елінде, әсіресе, Аққыстау ауылында тату-тәтті өмір сүріп келе жатқанымызға шүкір етеміз,- дейді Зекең.

Еркебұлан ЗИНЕДЕНОВ,

Исатай аудандық жастар ресурстық орталығының маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521