«ЖҰМЫС ІЗДЕЙМІН» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді

Өткен аптада «Нұр Отан» партиясы ғимаратында жұмыссыз, аз қамтылған, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, мүгедек, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды жұмысқа орналастыру мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді.

Шараны аудандық жұмыспен қамту орталығы ұйымдастырды. Акция аясында барлығы 9 мекеме 246 бос жұмыс орындарын ұсынды.

Жәрмеңкеге барлығы 55 адам қатысып, (Аққыстаудан - 36, Тұщықұдықтан - 4, Қамысқаладан - 4, Жанбайдан - 8, Нарын ауылдық округінен 3 адам) оның ішінде 49 адамның түйіндемелері алынды.

– Әлеуметтік маңызы зор мұндай игі шаралар көптеп өткені дұрыс. Мамандығым – есептеуші, отбасы жағдайына байланысты вахталық әдіспен өзге өңірлерге бара алмаймын. Егер бәрі үйлесіп, жұмыс табылып кетсе, туған елде – өзіңнің «кіші отаныңа» қызмет еткеннен артық бақыт жоқ, - деді шараға қатысушы Айнат Абдушева есімді жұмыс іздеуші.

 

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Әлеуметтік желілеріміз