Жәрмеңкелер өтіп жатыр ал, содан пайда нешік?

Өткен аптада Жанбай ауылында «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өткізілді.

Оған аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері, мекеме өкілдері және жұмыссыз азаматтар қатысты.

Жыл басынан бері бесінші рет өткізілген бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысқан 21 мекемеден 1440 бос жұмыс орындары ұсынылған.

Пробация есебінде тұрған азаматтарды жұмысқа орналастыру мақсатында аудандық пробация қызметіне қатынас хат берілгенімен, жәрмеңкеге аталған қызмет тобында есепте тұрған азаматтардың қатысуы төмен деңгейде.

Шақырылған компаниялардан «Platinum Universal Company» ЖШС, аудандық мекеме өкілдері ұсынған бос жұмыс орындары туралы түсінік берді.

Жәрмеңкеге барлығы – 36 адам қатысып, 28 адамнан түйіндеме алынды. Іс-шараны өткізу барысында азаматтарға, жеке және заңды тұлғалар өкілдеріне жұмыспен қамту мәселелері бойынша біліктілік, кеңестік көмек көрсетілді.

Аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы Қуандық Сариевтың айтуынша, осы уақытқа дейін жәрмеңкеге қатысушылар саны аз болған. Себебі, еңбек етуге ынта жоқтығын, кейбірі тіпті, ұсынылған жұмысты місе тұтпайтынын, енді бірі шақырған жұмыс орнына бармайтынын, жалақысының аздығын желеу қылады екен. Алға қарай еңбек жәрмеңкесін әрбір ауылда өткізу жос-парланып және жұмыссыз азаматтардың қатысуына ауылдық округ әкімдері тарапынан ықпал жасау керектігін тілге тиек етті.

Әйгерім Құбаева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521