Қ.Ж.Тоқаевтың сенімді өкілдері «АтырауНефтеМаш» ұжымымен кездесті

ҚР Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі штаб мүшелері үгіт-насихат жүргізу үшін "АтырауНефтеМаш" ЖШС-нің ұжымымен кездесті. Сенімді өкілдер Жеңіс Әбілқарес, Әлібек Семғалиев,Ермекқали Юсупов және Арман Хайруллин кәсіпорын қызметкерлеріне сайлауалды бағдарламаны түсіндіріп, маңызды мәселелерді талқылады.

-Өңдеу секторын нығайту, инфрақұрылымды жаңғырту, энергетикалық қуаттарды ұлғайту, өнеркәсіптің базалық салаларын күшейту - бірінші кезектегі міндет. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасында баса көрсетті. Сонымен қатар кәсіпкерлік субъектілерін қолдау жалғасады, цифрландыру мәселелеріне көп көңіл бөлінеді. Бұл міндеттің барлығы облыстың ғана емес, республиканың да ірі өндірістің бірі саналатын осы кәсіпорын үшін де өзекті. Олардың іске асырылуы осы мекеменің дамуына да оң әсерін тигізетініне сенімдімін,- деді штаб мүшесі Әлібек Семғалиев.
-Мен экология мәселелеріне назар аударғым келеді. Өндірістерді дамыту экологиялық талаптарды ескере отырып жүргізілуге тиіс. Кәсіпорындардың қызметі қоршаған орта үшін мүмкіндігінше қауіпсіз болуы керек. Бұл әсіресе өнеркәсіптік мекемелер көп шоғырланған біздің өңір үшін өте маңызды,- деп атап өтті сенімді өкіл Арман Хайруллин.
Кездесуде кәсіпорын қызметкерлері өздерін толғандыратын сұрақтарын ортаға салды. Жайық өзенінің жай-күйі, атмосфералық ауаның сапасы, сапалы әлеуметтік пакетті қамтамасыз ету секілді мәселелер көтерілді. Кәсіпорын қызметкерлері алдағы саяси науқанда белсенділік танытатындарын жеткізді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521