Жаңа дүкен ашылды

Жаңа жыл қарсаңында Аққыстау ауылының жұрт ауызекі әңгімеде «МАИ маңы» атап кеткен «Атырау-Астрахан» тасжолының оңтүстік жақ бетінде орналасқан мөлтекауданында жаңадан дүкен ашылды.

Лентаны Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, бірнеше кітаптың авторы Мұрат Бектенов пен ауданның белгілі кәсіпкері Дабысқали Садихов кесіп, жаңа нысан иелеріне ақ жол тіледі.

Аққыстаулық кәсіпкер Ұлжалғас Жолдасова «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының аудандық филиалы жанынан құрылған «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша бір айлық курста оқып, кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгерген. Қолға алған шаруасына алдымен жолдасы Байтімен қолдау көрсеткен.

«Исатай» несие серіктестігінен алған несиесіне дүкенге қажетті құрал-жабдықтар мен тауарлар сатып алған. Кәсіпкердің өмірден өткен қайнысының атымен аталған «Байтөре» аралас дүкенінде қолжетімді бағамен күнделікті азық-түліктер, тұрмысқа керекті заттардан басқа өзге дүкендерде көп кездесе бермейтін ұлттық нақыштағы «Қыз жасаулары» (сандықтар, көрпелер, маталар, т.б.), әдемі оюмен өрнектелген бесіктер қойылған.

Еркін ЖҰМАЖАНОВ,

Аққыстау ауылы.

Суреттерді түсірген, Әбілмажан ШАРАПИДЕНОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521