Жаңа ғимарат пайдалануға берілді

Ауданның 90 жылдық мерейтойында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалы халыққа қызмет көрсету бойынша Исатай ауданының бөліміне салынған жаңа ғимараттың ашылу салтанаты өтті.

Шарада аудан әкімі Марат Мурзиев пен облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Исатай ауданының перзенті, Жылыой ауданының Құрметті азаматы Ғаббас Хисметуллин аудан тұрғындарын құттықтаса, филиал директоры Мұса Хайруллиев пен «Құрмет» орденінің иегері Құрманғазы, Исатай аудандарының Құрметті азаматы Зұлбыхар Сүйінешев жаңа ғимараттың лентасын қиды. Енді бөлімнің 19 қызметкері Аққыстау кенті Е.Есжанұлы 25 мекен-жайында орналасқан екі қатарлы ғимаратта 30 мыңға жуық аудан тұрғынына қызмет көрсетеді.

Ғимараттың жалпы көлемі 401 шаршы метрді құрайды. Ал, халыққа қызмет көрсету орталығының осыған дейін пайдаланған аудандық ішкі істер бөліміне тиісті ғимараттың бір бөлігі 98 шаршы метр болған еді. Ашылған су жаңа ғимараттың қызмет көрсету залының өзі 200 шаршы метр. Сондай-ақ, бұнда 12 қызмет көрсету орны бар. Бұдан бөлек «Қазпошта» бөлімшесі де жұмыс жасайды. Орталық бір уақытта 50-ден астам адамға қызмет көрсете алады.

С.БЕРІКБАЙ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521