Жаңа Жанбайға – жаңа жол

Жаңа Жанбайға жаңадан жол төселді. Жалпы ұзындығы 4,2 шақырымды құрайтын оның 3,2 шақырымы - ауылішілік жол да, ал қалған 1 шақырымы Нарын мен Жаңа Жанбай елді мекендерінің екі арасын жалғап жатыр.

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мемлекеттік мекемесінің тапсырысына сай жүзеге асқан бұл жұмысты мердігер мекеме «Атырауинжстрой» ЖШС-і жүзеге асырды.

Тапсырыс беруші мекеме басшысының уақытша міндетін атқарушы Шаяхмет Жалғастың айтуынша, қаржыландыруға байланысты биыл жолға ірі қайыршақ тасты қабаты төселген. Жалпы құрылыс-монтаж жұмыстары құны 564,3 млн. теңге. Жолдың ұсақ қайыршақты қабатын төсеу алдағы жылы жүзеге асып, толық пайдалануға берілмекші.

Жоламан ДӘУЛЕТИЯР.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Әлеуметтік желілеріміз