Жаңарған асхана

Жуырда Тұщықұдық ауылында “Ақкөл” асханасының ашылуы өтті. Кәсіп ашу үшін ауыл шаруашылығы қоғамдық қолдау қорынан 8 миллион теңге несие алып жұмсаған.

Асхананың ашылу салтанатына округ әкімі Мәди Өтеғалиев, аудандық кәсіпкерлік бөлімі мен кәсіпкерлік палатасының өкілдері, ауыл тұрғындары қатысты. Бұл асхана бір мезгілде 40-қа жуық адамға қызмет көрсете алады. Отбасылық кәсіп болғандықтан, әзірге отбасы мүшелері қызмет етеді. Алдағы уақытта ауыл адамдарын жұмысқа тарту мақсаттары да жоқ емес. «Асхананы ашудағы басты мақсатым- «Атырау-Астрахан» тасжолындағы жолаушыларға жағдай жасаумен қатар, ауыл тұрғындарына сапалы қызмет көрсету" дейді асхана иесі, жас кәсіпкер Нұргүл Сүйінова.

Шахризада ЕРЖІГІТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521