Жаңажылдық шырша-2023: БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернаты базасында  аудан әкімінің  шыршасы өтті. Жаңажылдық әрленген әсем  шырша аталған мектептің  акт залында  құрылып, аяз ата мен ақшақар балаларға қуаныш сыйлады.

Шыршаға қатысқан барша қонақтар мен бүлдіршіндерді мерекемен құттықтаған аудан әкімі Полымбет Хасанов «алдағы жыл табыс пен молшылық жылы болсын» деген тілегін жеткізді.

_dsc0291

-«Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» деген. Ал, мемлекет пен қоғам білім мен тәрбие алу үшін сіздерге барлық жағдайды жасап, қолдан келген мүмкіндіктерді жасауда. Ауданымыздағы бюджет қаражатының қомақты бөлігі мектептер мен балабақшаларды күтіп үстауға, тұрақты үздіксіз жұмыс жасауына бөлініп отыр. Сонымен қоса, 2022 жылы «Балалар жылы» болып белгіленді. Осыған байланысты қаржы бөлініп, ауданымызда бірнеше футбол алаңшалары мен балалар ойын алаңдары салынып, пайдалануға берілді. Ол нысандарда да сіздердің бос уақыттарыңызды тиімді пайдалануға мүмкіндік жасау үшін салынды. Сондықтан құрметті оқушылар, жас достар, мектеп қабырғасынан бастап, жақсы оқып, ата-аналарыңыздың сенімін ақтап, ұстаздарға құрметпен қарап, жақсы білім алуларыңызға тілектеспін. Себебі, бүгінгі оқушылар – ертеңгі мамандар. Сіздер біздің болашағымызсыздар. Балаларымызға денсаулық, бақытты балалық шақ тілеймін,-деді аудан басшысы және оларды  жаңа жыл шарасын көңілді өткізуге шақырды.

 

_dsc0188

Жылы лебізінен соң аудан әкімі балаларға жаңажылдық тәттілер  ұсынды. Шара барысында құттықтау сөз кезегін алған аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Мұханбеталиев, аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлайна Құрманғалиева, Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының директоры міндетін атқарушы Ұзақбай Әбілқасов балаларға ақ тілегін арнап, ақшалай сертификат пен сыйлықтар тапсырды. Әдемі өткен кеште балғын бүлдіршіндер жаңажылдық ертегі қойылымын ұсынып, әсем әндер айтылды. Кішкентай бүлдіршіндер де өз өнерлерін ортаға салды.

                                                                                                       

Аяпберген САЛИХОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT