Жақсы әйел - теңі жоқ жолдас, түбі жоқ сырлас

Кез келген мерекеге орай әрбір ауылдық округ бірінші кезекте мәдениет қызметкерлерінің күшімен хал-қадірінше мәдени-көпшілік мерекелік шаралар ұйымдастыратыны анық.

Ауылдас, замандас, қызметтес, көрші, туыс, сыйлас нәзік жандылардың басын қосып, наурыз айының басында құрмет көрсетуді өзімізге міндет санап жатамыз.

Биылғы мерекеде «Жалын» мәдениет үйінде өткізілген салтанатты шара аудан әкімі мен мәслихат хатшысының құттықтауымен ашылды.

Өз саласы бойынша үздік деп танылып, сахнадан лайықты орын алған үздік әйелдер қауымына арнайы марапаттау хаты табыс етілген соң кеш мәдени шаралармен жалғасты.

Тек ер-азаматтардың қатысуымен өткізілген концерт барысында әсем әндер шырқалып, жыр да оқылды. Қазақтың қасиетті қара домбырасымен күй де төгіліп, термелер шырқалды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521