Жақсы әсер қалдырған жүздесу

Қазақстанның Қарулы Күші – тәуелсіз елдің тапжылмас қорғаны.

Сондықтанда оның қатарын білікті де білімді, қабілетті кадрлармен толықтырып отыру зор міндет саналады.

Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектепте жоғары сынып ұл балаларына әскери оқу орындары жөнінде ақпарат беру, оларды осы білім ордаларына тарту, бойларында ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында өткен аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім қызметкерлермен кездесу сағаты сол міндет тұрғысынан алғандағы маңызды бір шара болды.

9-11 сыныптың ұл балалары, ата-аналар, сынып жетекшілері мен басқа да ұстаздар қатысқан шарада мектебіміздің алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Қобылан Жұбаев әскери оқу орындары жөнінде түсінік беріп, соның ішінде, "Жас ұлан" әскери мектебі туралы ақпараттармен кеңінен таныстырды. Кездесу қонақтары - капитан Бақытжан Төлегенов пен сержант Сағын Қалиев та аталған мектеп туралы әңгімелеп, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Оқушылар қонақтарға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті жауап та ала алған шара қатысушылардың бәріне де жақсы әсер қалдырды.

Айдана ЕРМҰХАНОВА,

Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектептің мұғалімі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521