Жаңа балабақша пайдалануға берілмек

суреттер автордікі

 

Өткен аптада Томан елді мекенінің тыныс-тіршілігімен танысып, атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарының барысын көзбен көру мақсатында елді мекенге арнайы іссапармен аудан әкімінің орынбасары Нұрберген Утегенов, аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Алтынбек Қуанғали, Аққыстау ауылдық округі әкімі Ерболат Махашов және де БАҚ өкілдері бірге барып қайтты. 

 

 

Іссапар барысында делегация мүшелері алдымен елді мекендегі 80 орындық жаңа балабақшаның құрылысымен және су тазарту құрылғысының жұмысымен, сондай-ақ «Таза Қазақстан»  жоба аясында жасалатын бастама барысымен танысты. 

 

 

Арнайы топ өкілдері алдымен жаңадан бой көтерген 80 орындық балабақша ғимаратына аялдады.Құрылыс жұмыстары бүгінде аяқталған. Ішкі-сыртқы әрлеу, абаттандыру, инженерлік желілерді тарту секілді жүйелі жұмыстар жүргізілген.

 

 

Аудан әкімінің орынбасары Нұрберген Утегеновтің айтуынша, аталған нысан іске қосылғанда, ауылда жаңа жұмыс орындары ашылып, балғындар үшін қауіпсіз әрі заманауи білім ошағы болмағын атап өтті.

 

Сағыныш САЙЛАУБАЙҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT